Жанболат Мамай сотта тағылған айыптармен келіспейтінін айтты

Тергеу кезінде куәгерлерге қысым жасалған


06/04/2023
13:39 19673 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматыда саясаткер  Жанболат Мамайдың соты жалғасып жатыр. 6 сәуірде өткен сот отырысында Мамай өзінің кінәсіз екенін қайталап, тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді. 

 

Сотта белсендінің әйелі Инга Иманбай судья мен прокурорды «саяси тапсырысты орындап отыр» деп айыптады. Ол іс бойынша куәгерлерге тергеу кезінде қысым жасалғанын айтты. Оның сөзінше, істе куәгер деп танылған белсенді Қалас Нұрпейісов және Тұрсынбай Алпысбаев өздерінің адвокаттары арқылы оларға Жанболатты қаралау үшін қысым жасалғанын айтқан.

 

– Бұл екеуі Жанболатпен мүлде таныс емес. Олар өмірде бір-бірін көрген емес. Бірақ тергеу органдары оларды Жанболатты қаралауға мәжбүрлеуге тырысты. Бұл тергеуде әу-бастан ақ бірде-бір дәлел жоғын дәлелдейді, – деді Инга Иманбай. 

 

Жанболат Мамайға «жалған ақпарат тарату», «билік өкілін қорлау», «жаппай тәртіпсіздік» баптары бойынша айып тағылған. 

 

Бұған дейін прокурор Жанболат Мамайды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, 63 бапты қолдана отырып, оны шартты жазаға ауыстыруды сұраған. Бұған қоса, қоғамдық-саяси іс, журналистикамен айналысуына тыйым салуды сұраған. Бір күн бұрын мәжіліс және мәслихат сайлауынан кейін құрылған «Халық парламенті» Мамайдың ісінің саяси астары барын айтып, оны толық ақтауды талап еткен. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/04/2023 13:39
19673 0

Уведомление